Скандер Суайя ( 20 қараша, 1972) — тунистік футболшы, Тунис құрамасының жартылай қорғаныс шебінде ойнаған.

Карьерасы Карьерасының басым бөлігі "Сфаксьен" клубында өтті. 250-ден аса матчта алаңға шығып, 28 гол соқты. 2001 жылы "Эсперансе" клубына ауысты да, төрт маусымдай доп тепті.

Ұлттық құрама сапында 1993 жылы тұңғыш рет алаңға шықты. Алғашқы голын 1993 жылы 31 желтоқсанда Гана құрамасының қақпасына енгізді.

1998 жылғы әлем біріншілігіне қатысқан. Үшінші турда Румынияның қақпасына бір гол енгіздіhttps://www.fifa.com/fifa-tournaments/players-coaches/people=158279/index.html . Бұл құраманың аталмыш турнирдегі жалғыз голы еді. Сондай-ақ Скандердің Ұлттық құрамадағы соңғы голы болатын. Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Тунис футболшылары Санат:Тунис Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эсперанс ФК ойыншылары