Рюдди Лилиан Тюрам-Юльен (; 1 қаңтар 1972, Пуэнт-а-Питр, Гваделупа), Лилиан Тюрам ( ретінде танымал) — француз футболшысы, қорғаушы. 1998 жылғы әлем чемпионы, 2000 жылғы Еуропа чемпионы.
Мансабы Бала кезінде футболшы емес, католик әулиесі болуды армандапты, бірақ бойындағы ерекше талантты байқаған соң футболды таңдайды. Кейін мұсылман дініне ауысты.
Клубтық 1991 жылы карьерасын "Монако" сапында бастады. 1996 жылы "Пармаға" ауысып, бес маусым өнер көрсетті. Осы аралықта 1999 жылы УЕФА кубогын ұтып алды.
2001-2006 жылдары "Ювентусте" ойнап, 4 рет чемпион атанды. Бірақ 2006 жылғы "Кальчополи" атанған жемқорлық жанжалынан соң екі чемпиондығы кері алынды да, команда Б сериясына түсіп кетті. Төменгі топта ойнағысы келмеген бірнеше футболшы "Ювентустан" кетті, соның ішінде Тюрам да бар еді.
Тюрам 2006 жылы жазда "Барселонаға" ауысты. Барселонада екі жыл ойнап, 2008 жылы жүрек ақауына байланысты футболмен біржола қоштасты.
Халықаралық Ұлттық құрама сапында ең көп ойын өткізген рекордшы (142). Құрамада ойнап жүріп екі гол ғана енгізген, екеуін де 1998 жылы әлем біріншілігінің жартылай финалында Хорватияның қақпасына соқты. Тюрамның голдары арқылы Франция тұңғыш рет финалға шықты.
Кейін 2000, 2004, 2008 жылдары Еуропа чемпионатына, 2002, 2006 жылдары әлем чемпионатына қатысты.
Жеке өмірі Ұлдары Маркус Тюрам мен Хеффрен Тюрам да кәсіпқой футболшы.
Жетістіктері Командалық
«Монако»
Франция кубогы: 1990/91
«Парма»
Италия кубогы: 1998/99 Италия суперкубогы: 1999 УЕФА кубогы: 1998/99
«Ювентус»
Италия чемпионы: 2001/02, 2002/03 Италия суперкубогы: 2002, 2003
«Барселона»
Испания суперкубогы: 2006
Франция
Еуропа чемпионатының қола жүлдегері: 1996 Әлем чемпионы: 1998 Еуропа чемпионы: 2000 Конфедерациялар кубогы: 2003 Әлем чемпионатының финалисі: 2006
Жеке
Францияның үздік футболшысы: 1997
Дереккөздер
Сілтемелер Лилиан Тюрам. «Kind of blue» Профилі мен статистикасы (FootballDatabase.com) Профилі
Санат:Франция футболшылары Санат:Монако ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Барселона ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары