Эдвин ван дер Сар (; 29 қазан 1970, Ворхаут, Нидерланд) — нидерланд футболшысы, қақпашы.
Мансабы Эдвин 13 жылдан астам уақыт (1995-2008) Нидерланд ұлттық құрамасының капитаны ретінде алаңға шықты, 130 кездесуде құраманың қақпасын қорғады. 1996, 2000, 2004, 2008 жылдары Еуропа чемпионатына, 1998, 2006 жылдары әлем чемпионатына қатысты.
Чемпиондар лигасын екі түрлі клуб сапында ұтып алған әлемдегі жалғыз қақпашы (1995 — "Аякс", 2008 — "Манчестер Юнайтед"). 1995 және 2009 жылдары Еуропаның үздік қақпашысы атанды.
Карьерасы 2011 жылы 28 мамыр күні аяқтады. Сол күні Ван дер Сар ойнайтын "Манчестер Юнайтед" клубы Чемпиондар лигасының финалында "Барселонадан" 1:3 есебімен ұтылып қалды. 2016 жылғы қара айынан бастап "Аякс" клубының бас директоры қызметін атқарады.
Жетістіктері
Командалық «Аякс»
Нидерланд чемпионы (4): 1993/94, 1994/95, 1995/96, 1997/98 Нидерланд кубогы (3): 1993, 1998, 1999 Нидерланд суперкубогы (3): 1993, 1994, 1995 Чемпиондар лигасы: 1995 УЕФА кубогы: 1992 УЕФА суперкубогы: 1995 Құрлықаралық кубок: 1995
«Ювентус»
Интертото кубогы: 1999
«Фулхэм»
Интертото кубогы: 2002
«Манчестер Юнайтед»
Англия кубогы (4): 2006/07, 2007/08, 2008/09, 2010/11 Лига кубогы (2): 2006, 2010 Англия суперкубогы (3): 2007, 2008,2010 Чемпиондар лигасы: 2008 Клубтар арасындағы әлем чемпионаты: 2008
Ұлттық құрама
Әлем чемпионатының жартылай финалисі: 1998 Еуропа чемпионатының жартылай финалисі: 2000, 2004
Жеке
Алтын қолғап иегері: 2009 (21 матчта гол жібермеді). Еуропаның үздік қақпашысы: 1995, 2009. Нидерландының үздік қақпашысы: 1994, 1995, 1996, 1997. Нидерландының үздік футболшысы: 1998. Чемпиондар Лигасының финалында ойнаған ең жасы үлкен футболшы (2011 жыл, 28 мамыр күні 40 жас, 212)
Дереккөздер
Сілтемелер Профиль (ManUtd.com) Профилі мен статистикасы (Footballdatabase.com) Статистикасы
Санат:Аякс Амстердам ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Фулхэм ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Нидерланд футболшылары Санат:Нидерланд Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары