Зайцева Александра Алексеевна (1900, Краснодар өлкесі, Николаевская станицасы – 1981, Шортанды кенті) – агроном-топырақтанушы, ауыл шаруашылығы ғылым кандидаты. (1959). Лениндік сыйлық лауреаты (1972). К.А.Тимирязев атындағы Мәскеу ауыл шаруашылығы академиясын бітірген (1929). Осы академияда лаборант (1929 – 31), Каучук алу институтында аға ғылым қызметкер (1931 – 34), Бүкілодақтық өсімдік шаруашылық институтында аға ғылым қызметкер (1934 – 37), Ярославл мемлекеттік сұрыптау стансында аға ғылым қызметкер (1937 – 38), Қарағанды облысы Долинка ауыл тәжірибе стансында бөлім меңгерушісі (1938 – 59), агротопырақтану бөлімінің меңгерушісі, топырақ құнарлылығын арттыру лабараториясында аға ғылым қызметкер (1959 – 80) болып жұмыс жасады. Зайцева – 10 монографияның авторы.Қазақ Энциклопедиясы

Пайдаланылған cілтемелер