Ақтас — Қарағанды облысы Саран қаласына қарасты кент.

Географиялық орны Қарағандының оңтүстік-батысында 18 км-дей жерде орналасқан.

Халқы + Саны (2009, 2021)2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен8252 8947 108,4 3816 4178 109,5 4436 4769 107,5

Тарихы Іргесі 1950 жылы Қарағанды көмір алабының батыс телімдерін игеруге байланысты қаланған. Ақтаста 2 кірпіш зауыты, ірі автобаза жұмыс істейді.

Инфрақұрылымы Жалпы білім беретін 2 мектеп, кәсіптік-техникалық училище, жұмысшы жастар мектебі, мәдениет ұйі, 12 кітапхана (9-ы жылжымалы), 5 балабақшасы мен 1 ясли бар. Кент арқылы Қарағанды — Саран атомобиль жолы өтеді. Тұрғындары елді мекендермен ауыларалық жолдар арқылы қатынасады.Қарағанды. Қарағанды облысы: Энциклопедия. - Алматы: Атамұра, 2006. ІSBN 9965-34-515-5

Дереккөздер

Санат:Саран қалалық әкімдігі елді мекендері Санат:Қазақстан кенттері