Андре Айю (; 17 желтоқсан 1989, Секлен, Франция) — франциялықФранцияның 17 жасқа дейінгі құрамасында ойнаған және ганалық футболшы. "Гавр" клубы мен Гана құрамасының шабуылшысы. 2018 жылы Түркияның "Фенербахче" клубына жалға берілді. Карьерасында Франция, Англия, Түркия клубтарында ойнаған. Африка Ұлттары кубогының екі дүркін финалисі (2010, 2015 жылдары)

Жетістіктері

Марсель

Француз лигасының кубогы (2): 2010/11, 2011/12 Франция суперкубогы (2): 2010, 2011

Гана

Африка ұлттары кубогының финалисі (2): 2010, 2015 Африка ұлттары кубогының қола жүлдегері: 2008

Қатысқан турнирлері

Африка Ұлттары кубогы: 2008, 2010, 2012, 2015, 2017 Әлем чемпионаты: 2010, 2014

Жеке өмірі Әкесі — Абеди Пеле кәсіпқой футболшы болған, ұзақ жылдар бойы (1981-1998 жылдар аралығында) Гана құрамасында ойнаған. Бауырлары Джордан Айю («Суонси Сити» (Англия) командасында, Абдул Рахим Айю «Европа» (Гибралтар) командасында ойнайды.

Дереккөздер

Сілтемелер Профиль Статистикасы

Санат:Гана футболшылары Санат:Лорьян ФК ойыншылары Санат:Арль-Авиньон ФК ойыншылары Санат:Суонси Сити ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Франция футболшылары Санат:Мюнхен 1860 ФК ойыншылары Санат:Гана Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары