Хосе Луис Браун (; 10 қараша 1956 жыл, Ранчос, Буэнос-Айрес) — аргентиналық футболшы, қорғаушы. 1986 жылғы әлем чемпионы.
Карьерасы Карьерасында аргентиналық, колумбиялық, франциялық, испаниялық клубтарда доп тепті. 1982, 1983 жылдары Аргентина чемпионы атандыhttp://www.rsssf.com/tablesa/arghist-pro1980s.html.
Ұлттық құрама сапында 1983-1990 жылдар аралығында ойнап, 36 кездесуде алаңға шықты. 1986 жылғы Мексикада өткен әлем чемпионатының финалында ГФР қақпасына 23-минутта баспен соғып есеп ашты. Бұл ойында Аргентина 3:2 есебімен жеңіске жетіп, әлем чемпионы атанды. Бұл құрама сапында соққан жалғыз голы еді.
Футболмен қоштасқаннан соң көмекші бапкер ретінде қызмет атқарды.
Жетістіктері
Аргентина чемпионы (2): 1982 (Метрополитано), 1983 (Насьональ) Әлем чемпионы (1): 1986.
Қатысқан турнирлері
1983 — Америка кубогы 1986 — Әлем чемпионаты 1987 — Америка кубогы 1989 — Америка кубогы
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі Профилі Профилі Статистикасы
Санат:Аргентина футболшылары Санат:Реал Мурсия ФК ойыншылары Санат:Эстудиантес ФК ойыншылары Санат:Бока Хуниорс ФК ойыншылары Санат:Аргентина футбол жаттықтырушылары Санат:Аргентина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары