Нилтон дос Рейс Сантос (; 16 мамыр 1925, Рио-де-Жанейро — 27 қараша 2013, Рио-де-Жанейро) — бразилиялық футболшы, қорғаушы. Бразилия Ұлттық футбол құрамасында ойнаған.

Футболшы жайлы деректер Бүкіл карьерасынба бір ғана клубта — "Ботафого" командасында доп тепті. Ұзын-ырғасы 722 ойында алаңға шығып, 11 гол соқты. Ұлттық құрамада 75 ойынға қатысып, үш голдың авторы атанды.

1958, 62 жылдары әлем чемпионы атанды. Одан бөлек Оңтүстік Америка кубогының күміс жүлдегері. Төрт бірдей әлем чемпионатына қатысқан тұңғыш футболшы (бұл рекордты 1966 жылы мексикалық қақпашы Антонио Карбахаль жаңартты).

Guerin Sportivo сауалнамасы бойынша әлемнің ХХ ғасырдағы 50 үздік футболшыларының бірі, World Soccer және Voetbal International сауалнамасының қорытындысында ХХ ғасырдағы үздік жүздікке енді. МФФИИС сауалнамасы бойынша Оңтүстік Америка футболшылары арасында 12-орын алды.

Нилтон Сантостың атында Токантинс штатындағы Палмас қаласында стадион бар.

1962 жылы футболшылық ғұмырын аяқтады да, бизнеспен айналыса отырып, Рио-Де-Жанейрода спорт бөлімін басқарды. Кейін бапкерлікпен айналысты. Жеке өмірі Екі рет үйленген. Бірінші жарынан екі баласы бар. Екінші әйелінен перзент сүймеді.

Қатысқан турнирлері

1949 - Америка кубогы 1950 - Әлем чемпионаты 1952 - Панамерика чемпионаты 1953 - Америка кубогы 1954 - Әлем чемпионаты 1957 - Америка кубогы 1958 - Әлем чемпионаты 1959 - Америка кубогы 1962 - Әлем чемпионаты

Жетістіктері

Ботафого Рио-де-Жанейро чемпионы: 1948, 1957, 1961, 1962 Рио — Сан-Паулу турнирі жеңімпазы: 1962, 1964 Ұлттық құрама Америка чемпионы: 1949 Рио-Бранко кубогы: 1950 Освалдо Круз кубогы: 1950, 1955, 1961, 1962 Панамерика чемпионы: 1952 О’Хиггинс кубогы: 1955, 1961 Атлантика кубогы: 1956, 1960 Әлем чемпионы: 1958, 1962

Дереккөздер

Сілтемелер

Нилтон Сантос Ұлттық құрамада Санат:Бразилия футболшылары Санат:Ботафого ФК ойыншылары Санат:Бразилия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Бразилия футбол жаттықтырушылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары Санат:Футболдан Оңтүстік Америка чемпиондары