Шешкиль Инна ЮрьевнаҚазақ Энциклопедиясы (20 маусым 1971, Ақмола облысы, Бұланды ауданы Макинск қаласы) – кеңес, қазақ және беларусь биатлоншысы, Олимпиада ойындарының (1994, 1998), азия ойындарының, және әлем біріншілігінің (1992, 1999) қатысушысы. Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген спорт шебері. КСРО-ның еңбек сіңірген спорт шебері. Бапкері – Ю.Г. Шешкиль. Қазақ дене тәрбиесі институтын бітірген (1992). КСРО, Қазақстан құрама командасының мүшесі болған. Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері(1992,1999), азия ойындарының алтын және күміс жүлдегері (1996).

Дереккөздер

Санат:1971 жылы туғандар Санат:Ақмола облысында туғандар Санат:Спортшылар