Юрий Николаевич Савичев (13 ақпан 1965, Мәскеу, КСРО) — КСРО және Ресей футболшысы, шабуылшы.

Мансабы КСРО Олимпиадалық және Ұлттық құрамасында ойнаған. 1988 жылғы Олимпиада чемпионы. Олимпиаданың финалдық матчында Бразилияның қақпасына ойын тағдырын шешкен жалғыз голды енгізді.

Мәскеудің "Торпедо" клубының түлегі. 1990 жылы шет елдік клубтарға жол ашылған соң Грекияның "Олимпиакос" сапына ауыстыhttp://www.legioner.kulichki.com/index.php?id=11&lang=ru&player=81. Екі жылдан соң Германияның "Саарбрюкен" клубына өтті. Кейін 1994-2000 жылдары "Санкт Паули" командасында ойнап, футболшылық карьерасын аяқтады.

Сыңары — Николай да футболшы.

Жетістіктері

Командалық

Олимпиада чемпионы: 1988 КСРО кубогы: 1986 КСРО чемпионатының қола жүлдегері. 1988 Грекия кубогы: 1992

Жеке

КСРО чемпионатының үздік 33 футболшысының тізіме үш рет енді: № 2 — 1986, 1988; № 3 — 1987. 1988 жылы КСРО чемпионатындағы "Ең әдемі гол" иесі атанды Дереккөздер

Сілтемелер Профилі Савичев — Грекиядағы карьерасы

Санат:КСРО футболшылары Санат:Ресей футболшылары Санат:Торпедо Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК ойыншылары Санат:Футболдан Олимпиада чемпиондары Санат:КСРО Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Саарбрюккен ФК ойыншылары Санат:КСРО-ның Олимпиада чемпиондары Санат:1988 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарының чемпиондары Санат:Алфавит бойынша Олимпиада чемпиондары