Ақбұлақ (2010 жылға дейін – Чехово)Солтүстік Қазақстан облысының кейбір елді мекендері мен ауылдық округтері атауларының транскрипциясын өзгерту және қайта атау туралы — Солтүстік Қазақстан облысы Уәлиханов ауданындағы ауыл, Ақбұлақ ауылдық округі орталығы.
Географиялық орны Аудан орталығы - Кішкенекөл ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 22 км-дей жерде.
Халқы 1999 жылы жергілікті тұрғындар саны 821 адам (399 ер адам және 422 әйел адам) болса, 2009 жылы 639 адамды (302 ер адам және 337 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том
Дереккөздер
Санат:Уәлиханов ауданы елді мекендері