Шөлдала — Жамбыл облысы Тараз қаласындағы ықшам аудан. 2012 жылға дейін Жамбыл ауданы, Құмшағал ауылдық округінің құрамында болған.Елді мекендердің әкімшілік бағынысын және ауылдық округтердің шекарасын өзгерту туралы
Географиялық орны Тараз қаласынан оңтүстік-батысқа қарай, бозжусан, баялыш, күйреуік, тағы басқа шөптесін өскен сұр, сортаң сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан.
Халқы Тұрғыны: 1,3 мың адам (2006); 3,1 мың адам (2009).
Тарихы Іргесі 1929 жылы қаланған. 1997 жылға дейін “Пригородный” көкөніс-сүтті кеңшарының бөлімшесі болып келді. Оның негізінде Шөлдалада “Қиыршықтас” АҚ және шаруа қожалықтары құрылды.
Инфрақұрылымы Орта мектеп, клуб, кітапхана, фельдшерлік пункт, т.б. мекемелер бар.Тараз Энциклопедисяы«Қазақстан»: Ұлттық энцклопедия / Бас редактор Ә. Нысанбаев – Алматы «Қазақ энциклопедиясы» Бас редакциясы, 1998 ISBN 5-89800-123-9, VIII том
Атау тарихы 1929 жылға дейін "Қызыладыр" ауылы деп аталған. Теміржол бекетінің маңында жұмысшылардың жартылай казармалары болған. Ауыз су тапшы, су алу үшін Аса өзеніне бару керек болған. Бекет атының аталуы туралы мәселе қойылғанда бұл жерде су тапшылығына байланысты темір жол бекеті мен ауыл "Шөлдала" ауылы деп аталған.Жамбыл облысының топономикалық атауларының анықтамалығы
Дереккөздер
Санат:Тараз қалалық әкімдігінің таратылған елді мекендері