Ақтасты – Есілдің сол саласы.

Географиялық орны Ақмола облысы Аршалы ауданы жерінен ағады. Ұзындығы 31 км.

Гидрологиясы Бастауын ұсақ шоқылардағы бұлақтардан алып, оңтүстік-батыстан солтстік-шығысқа қарай делювийлі-пролювийлі аккумулиятты жазықпен ағады, Аршалы кентінен төменде (4 км) Есіл өзеніне құяды. Аңғары аз тілімденген. Қар және жер асты суларымен толысады. Сәуір айының алғашқы онкүндігінде тасиды. Жаз айларында құрғап, қарасуларға бөлініп қалады.

Топырағы, өсімдігі Жоғарғы ағысындағы топырағы күңгірт қоңыр, төменгі ағысында оңтүстіктің карбонатты қара топырағы қалыптасқан. Бетегелі-сұлыбасты өсімдіктер басым. Суын мал суғаруға пайдаланады.Қазақ энциклопедиясы

Дереккөздер

Санат:Есіл су алабы Санат:Аршалы ауданы өзендері