Құлаайғыр – Салқынкөл көлінің солтүстік-шығысында орналасқан таулы шоқы.
Географиялық орны Солтүстік Қазақстан облысы Ғабит Мүсірепов ауданы Шақпақ ауылының шығысында 17 км-дей жерде орналасқан.
Жер бедері Абсолюттік биіктігі 341 м. Солтүстік-шығыстан оңтүстік-батысқа қарай 2,5 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу, атырабы жонды-белесті. Шығысында Қалмақкөл көлі, солтүстігінде Тотықұс тауы орналасқан.
Өсімдігі Қара топырақ жамылғысында бетеге, селеу, сұлыбас, боз, қияқ, терек, т.б. өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5
Дереккөздер
Санат:Ғабит Мүсірепов ауданы таулары