Солтүстік Мариана аралдары Ұлттық футбол құрамасы (ағыл. Northern Mariana Islands national football team) — халықаралық футбол жарыстарында Солтүстік Мариана аралдарының атынан сынға түсетін құрама команда. Баксқарушы ұйым — Солтүстік Мариана аралдары футбол қауымдастығы.
Тарихы Алғашқы ресми кездесуін 2007 жылы өткізіп, Палау құрамасын 8:0 есебімен ойсырата ұтты.
Азия құрлығының өкілі, бірақ ФИФА мен Азия Футбол Конфедерациясына мүше болмаған, тек аймақтық ұйым саналатын Шығыс Азия футбол федерациясының мүшесі. Сол себепті де құрлықтық маңызы төмен жарыстарға ғана қатысып отырады. 2018 жылғы наурыз айында ФИФА рейтингінде 237 орынға жайғасқан.
2013 жылы Азияның төменгі деңгейдегі құрамалары күш сынасатын AFC Challenge Cup турнирінің іріктеуіне қатысып, Непал құрамасынан екі ойын қорытындысында 0:19 есебімен ұтылып қалдыhttp://wildstat.ru/p/102 .
AFC Challenge Cup турнирінен бөлек Микронезия кубогы, Шығыс Азия кубогы секілді аймақтық жарыстарда бақ сынаған, бірақ айтарлықтай жетістіктері жоқ, көбіне ойсырай ұтылған.
Ардагерлері #ФутболшыЖЖОйынГол1Николас Сваим2008–1622Жо Ванг Миллер2008–1543Уильям Данн2012–1204Лукас Кнешт2007–1105Стив Маккаган2008–2013101
Дереккөздер
Сілтемелер Ұлттық құрама жайлы ЕАФФ
Санат:Солтүстік Мариана аралдары Ұлттық футбол құрамасы