Мирослав «Чиро» Блажевич (; 10 ақпан 1935, Травник) — хорватиялық футболшы, футбол бапкері.
Карьерасы 1968 жылға дейін "Траник" (Югославия), "Сараево" (Югославия), "Риека" (Югославия), "Динамо Загреб", "Мутье" (Швейцария), "Веве" (Швейцария), "Сьон" (Швейцария) клубтарында доп теуіп, бапкерлікке ауысты.
1994-2000 жылдары Хорватия құрамасын жаттықтырды да, 1998 жылғы әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды. Турнирде Румыния, Германия, Нидерланд секілді мықты құрамаларды ұтты.
Одан басқа бапкер ретінде Швейцария, Югославия және Югославия тарап кеткен соң Хорватия чемпионы атанды.
Хорватиядан бөлек ұлттық құрамалардан 1971-76 жылдары Швейцарияны, 2001-02 жылдары Иранды (Иран құрамасын 2002 жылғы әлем біріншілігіне алып шыға алмады), 2008-09 жылдары Босния және Герцеговина құрамаларын жаттықтырды.
Жетістіктері
Бапкер ретінде
Швейцария кубогы: 1973/74 («Сьон») Югославия чемпионы : 1981/82 («Динамо» Загреб) Югославия кубогы: 1982/83 («Динамо» Загреб) Швейцария чемпионы: 1983/84 («Грассхопперс») Хорватия чемпионы (2): 1992/93, 2002/03 («Кроация», «Динамо» Загреб) Хорватия кубогы: 1993/94 («Кроация») Хорватия суперкубогы: 2005 («Хайдук») Босния және Герцеговина бірінші лигасының жеңімпазы: 2013/14 («Слобода Тузла»)
ӘЧ-1998 күміс жүлдегері.
Бапкер болған клубтары 1968—1971 Веве1971—1976 Сьон1976—1979 Лозанна1975—1976 1979—1980 Риека1980—1983 Динамо (Загреб)1983—1984 Грассхопперс1985 ПАОК1986 Приштина1986—1988 Динамо (Загреб)1988—1990 Нант1990—1994 Динамо / Кроация (Загреб)1994—20002001—20022002 Осиек2002—2003 Динамо (Загреб)2003 Мура2004—2005 Вартекс2005 Хайдук (Сплит)2005—2006 Ксамакс2006—2008 Загреб2008—20092009—2010 Шанхай Шэньхуа2010—2011 Қытай (олимп.)2011—2012 Мес2012—2013 Загреб2014 Слобода2014—2015 Задар
Сілтемелер Профилі
Санат:Югославия футболшылары Санат:10 ақпанда туғандар Санат:Хорватия футбол жаттықтырушылары Санат:Югославия футбол жаттықтырушылары Санат:Хорватия Ұлттық футбол құрамасы жаттықтырушылары Санат:Босния және Герцеговина Ұлттық футбол құрамасы жаттықтырушылары Санат:Динамо Загреб ФК жаттықтырушылары Санат:Сьон ФК жаттықтырушылары Санат:Хайдук ФК жаттықтырушылары Санат:Динамо Загреб ФК ойыншылары Санат:Риека ФК ойыншылары Санат:Сьон ФК ойыншылары Санат:Швейцария Ұлттық футбол құрамасы жаттықтырушылары