Харис Сеферович (; 22 ақпан 1992, Зурзе, Швейцария) — швейцариялық футболшы, "Бенфика" клубы мен Швейцария ұлттық құрамасының ойыншысы.
Мансабы Клубтық Сеферовичтің тегі босниялық. 1999 жылы туған қаласындағы "Зузре" клубының академиясында оқи бастады. Бес жыл ішінде академиядағы ең үздік шәкірттердің бірі атанды. 2004 жылы 12 жасында "Люцерн" академиясына ауысты. Үш жылдай оқып, 2007 жылы "Грассхопперс" академиясына ауысты да, 2009 жылы кәсіпқой карьерасын осы клубта бастады.
2009/10 жылғы маусымда "Грасхопперс" сапында үш ойында алаңға шықты. Бір жылдан соң "Фиорентинамен" келісім шарт жасасып, онда бір маусымдай доп тепті.
2011 жылы отанына оралып, "Ксамакс" сапында арендада ойнай бастады. 2012 жылы қаңтарда "Фиорентинаға" оралып, енді "Лечче" клубына жалға берілді. Кейін "Новарада" бір жыл тағы да арендада ойнап, "Реал Сосьедадқа" түпкілікті ауысты.
2014-17 жылдары "Айнтрахт" клубында доп тепті. 2017 жылы жазда "Бенфика" сапына өтті.
Ұлттық құрама Швейцарияның бірнеше жастағы құрамаларында ойнады. Негізгі құрамада тұңғыш рет 2013 жылы алаңға шықты.
Жетістіктері
Командалық
Айнтрахт (Франкфурт)
Германия кубогының финалисі: 2016/17
Швейцария
17 жасқа дейінгі әлем чемпионатының жеңімпазы (2009)
Жеке
Швейцарияның үздік жас футболшысы: 2009
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:22 ақпанда туғандар Санат:Грассхопперс ФК ойыншылары Санат:Фиорентина ФК ойыншылары Санат:Ксамакс ФК ойыншылары Санат:Лечче ФК ойыншылары Санат:Новара ФК ойыншылары Санат:Реал Сосьедад ФК ойыншылары Санат:Айнтрахт Майндағы Франкфурт ФК ойыншылары Санат:Бенфика ФК ойыншылары Санат:Швейцария футболшылары