Александр Сергеевич Убыкин (30 наурыз 1953, Алматы, Қазақ КСР) — КСРО футболшысы, қақпашы, қазақстандық футбол жаттықтырушысы. КСРО спорт шебері.
Карьерасы 16 жасынан футболмен айналыса бастады. 16 жасынгда тұңғыш бапкері Анатолий Ромкомен бірге Псков қаласына кетіп, "Электрон", "Машиностройтель" клубтарында ойнады. 1972 жылы әскер қатарына шақырылып, "Звезда" (Выборг) клубының намысын қорғады.
1976 жылы "Қайрат" командасына келіп қосылды. 1980 жылдан негізгі қақпашыға айналып, командадан 1987 жылы ғана кетті. 1976-87 жылдар арасында КСРО чемпионатының жоғары лигасында 207 рет алаңға шықты.
1988 жылы екінші лиганың Қазақстан аймағында ойнайтын "Тракторға" ауысты.
1990 жылы екінші лигадағы аутсайдер клубтардың бірі алматылық РШВСМ клубында бір жыл доп теуіп, карьерасын аяқтады.
1991 жылы бапкерлік жолын осы РШВСМ клубынан бастады. Келесі жылы "Қайраттың" жаттықтырушылар алқасына келіп қосылды.
Жеке өмірі 1980 жылы Қазақ дене тәрбиесі және спорт институтын тәмамдаған.
Жетістіктері
КСРО чемпионатының жеңімпазы (1 лига) — 1976, 1983 КСРО чемпионатының күміс жүлдегері (1 лига) — 1974 КСРО чемпионатының жеңімпазы (2 лига, 8 аймақ) — 1988, 1989 "Спорт" газетінің сауалнамасы бойынша 1988 жылы екінші лигадағы сегізінші аймақтың үздік футболшысы.
Сілтемелер Александр Убыкин Тренер Александр Убыкин Александр Убыкин: «Тұлғалар аулада өседі»
Санат:30 наурызда туғандар Санат:СКА Дондағы Ростов ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Ертіс ФК ойыншылары Санат:СКИФ Алматы ФК ойыншылары Санат:СКИФ Алматы ФК жаттықтырушылары Санат:Қайрат ФК жаттықтырушылары Санат:Қазақстан футбол жаттықтырушылары Санат:КСРО футболшылары