Сергей Михайлович Ледовских (24 сәуір 1958, Тамбов облысыhttp://www.caravan.kz/article/81754 , РСФСР, КСРО) — КСРО және Ресей футболшысы, жартылай қорғаушы. 1980 жылдары "Қайрат" командасында жарқыраған спортшы.
Мансабы Ресейдің Тамбов облысында дүниеге келген, бірақ балалық шағында отбасы Қазақстанға көшіп келді де, қазақ футбол мектептерінде тәлім алды. Карьерасын Қарағандының "Шахтер" клубында бастап, 1988 жылға дейін Қазақстан клубтарында ойнады.
1980-82 жылдары КСРО чемпионатының екінші лигасындағы "Шахтерда" ойнап, "Қайратқа" ауысты. 1988 жылы Қазақстаннан біржола кетті. 1995 жылы Сочидің "Жемчужина" клубында ойнап жүріп мансабын аяқтады.
КСРО жоғары лигасында 250-ден аса ойында алаңға шықты.
90 жылдардың соңында "Жемчужина" клубында бапкерлік қызмет атқарды. Қазіргі уақытта кәсіпкерлікпен айналысады.
Жетістіктері
КСРО футбол федерациялары кубогы: 1988
Дереккөздер
Сілтемелер "Шахтер" (Қарағанды) ФК сайтында
Санат:24 наурызда туғандар Санат:КСРО футболшылары Санат:Ресей футболшылары Санат:Шахтер Қарағанды ФК ойыншылары Санат:Қайрат ФК ойыншылары Санат:Жемчужина ФК ойыншылары