Роберт Фицджеральд «Робби» Ирл (; 27 қаңтар 1965, Ньюкасл-андер-Лайм, Стаффордшир, Англия) — ямайкалық футболшы, жартылай қорғаушы.
Карьерасы
Клубтық "Сток Ситидің" жастар командасында ойнаған. Бірақ кәсіпқой карьерасын 1982 жылы Англияның төменгі лигасындағы "Порт Вэйл" клубында бастады. Клубта ұзақ жылдар ойнап, 1991 жылы ғана "Уимблдон" командасына ауысты. Мұнан соң ешқайда ауыспай, 2000 жылы карьерасын аяқтағанша осы командада доп тепті.
Ұлттық құрама Роберттің тегі ағылшын. Ямайка Ұлттық футбол құрамасында ойнаған. 1998 жылғы әлем чемпионатына қатысқан. Алғашқы турда Хорватияның қақпасына гол соғып, есепті теңестірді — 1:1. Бұл Ямайка құрамасының әлем чемпионатындағы тұңғыш голы болатын. Бірақ бұл ойында ямайкалықтар 1:3 есебімен ұтылып қалды. Сондай-ақ, бұл Роберттің құрама сапындағы жалғыз голы. Осы турнирден соң қайтадан құрама сапында ойнаған жоқ. Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:27 қаңтарда туғандар Санат:Англия футболшылары Санат:Ямайка футболшылары Санат:Ямайка Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары