Ақтайлақ — Ұлытау облысы Жаңаарқа ауданы, Бидайық ауылдық округі құрамындағы ауыл.

Географиялық орны Аудан орталығы – Жаңаарқа кентінен солтүстік-шығысқа қарай 10 км-дей жерде.

Халқы Жергілікті тұрғындар саны 1999 жылы 97 адам (50 ер адам және 47 әйел адам) болса, 2009 жылы 389 адамды (188 ер адам және 201 әйел адам) құрады.2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том

2021 жылғы санақ қорытындысы бойынша 330 адамды (181 ер адам және 149 әйел адам) құрады.2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары

Дереккөздер

Санат:Жаңаарқа ауданы елді мекендері