Панфилов ауданы () — Қырғызстанның Шу облысы құрамына кіретін 2-деңгейдегі әкімшілік-аумақтық бірлік.
Ауданның жер көлемі 4861 км², халық саны — 41 754 адам (2009 г.).
Әкімшілік орталығы — Қайыңды қаласы ().
Аудан Шу облысының қиыр батысында орналасқан. Талас облысының территориясымен бөлінген екі бөліктен тұрады.
Халқы 2009 жылғы Қырғызстан халық санағы деректері бойынша 41 754 аудан тұрғындарының ішінен қырғыздар 28 736 адамды құрайды (68,8 %), орыстар — 7418 адам (17,8 %), қазақтар — 1110 адам (2,7 %), украиндар — 878 адам (2,1 %), түріктер — 787 адам (1,9 %), өзбектер — 754 адам (1,9 %), тәжіктер — 459 адам (1,1 %).
Әкімшілік бөлінісі Аудандық маңыздағы қала: Қайыңды қаласы
Аудан құрамына 6 ауылдық округ пен 20 ауыл кіреді: Вознесеновка ауылдық округі: Вознесеновка (әкімшілік орталығы), Ортақайырма, Еркінсай ауылдары Күрпілдек ауылдық округі: Күрпілдек (әкімшілік орталығы), Киров, Ровное ауылдары Ортаев ауылдық округі: Тельман (әкімшілік орталығы), Бұқара, Құмарық ауылдары Құрама ауылдық округі: Панфиловское (әкімшілік орталығы), Жайылма, Ортаарық, Эфиронос ауылдары Фрунзе ауылдық округі: Шалдыбар (әкімшілік орталығы), Шолақарық, Шорғалы ауылдары Шалдыбар ауылдық округі: Первомайское (әкімшілік орталығы), Озёрное, Октябрьское, Ойранды ауылдары
Дереккөздер
Санат:Панфилов ауданы (Қырғызстан)