Сынық-сынып — 2018 жылы түсірілген балалар комедиялық телехикаясы. Фильмнің режиссері — Қарлығаш Әбдібаева. Бас продюсері — Сандуғаш Баймаханқызы. Фильм 2018 жылы қыркүйек айында "Балапан" арнасында көрсетілді. Сюжеті Өте дарынды балалардан құралған 5 «Қ» сыныбының оқушылары мектептің білім жүйесіне көңілдері толмағандықтан тәртіпке бағынбайды. Сондықтан оқытушылардың барлығы бұл сыныптан қашқақтап, сынып жетекшісі болуға келіспейді. Бір күні шетелде оқып келген Мәриям есімді жас маман келеді. Директор оны сынау мақсатымен 5 «Қ» сыныбына жетекші етіп тағайындайды. Арада уақыт өткенде Мәриям сыныпты үйіріп әкетіп, сабақтарды қызықты етіп өткізіп, балалардың қызығушылықтарын арттырады. Оқиға оқушылар мен сынып жетекшісінің қарама-қайшы пікірлерінен туған түрлі қызықты жайттармен өрбиді. Рөлдерде Басты рөлдерде Мәриям - Бақытгүл Қалимұратқызы Жанна - Ақмарал Дайрабаева Қатипа - Алма Хломуханова Жанғали - Тимур Пиязов Асхат - Ілияс Жалбай Арман - Данияр Ділдабай Талап - Данияр Бекназар Әлихан - Мұхаммедәлі Әбілқайыр Самал - Әмина Оразбай Бикош - Мирас Алпысбай

Сілтемелер Фильмді тамашалау

Санат:Қазақстан кинокомедиялары Санат:2018 жылғы фильмдер