Милош Красич (; 1 қараша 1984https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/18828) — сербиялық футболшы, жартылай қорғаушы. 2010 жылғы әлем чемпеионатына қатысқан. Карьерасында "Войводина" (өзі осы клубтың түлегі), ЦСКА Мәскеу, "Ювентус", "Бастия", "Фенербахче", "Лехия" клубтарында және Сербия ұлттық құрамасында доп тепті.

Сербия және Черногорияның жастар құрамасында ойнады. Сербия құрамасы сапында 2010 жылғы әлем чемпионатына қатысты. Турнирде топтық кезеңнің үш ойынында да алаңға шықты. Екінші турде Германиямен ойында Милан Йовановичке нәтижелі пас берді. Осы гол матч тағдырын шешті. Бірақ басқа қарсыластары Гана мен Аустралиядан ұтылып, Сербия үш ұпаймен топтан шыға алмады.

Карьерасы

Командалық ЦСКА

Ресей чемпионы (2): 2005, 2006 Реседің күміс жүлдегері (2): 2004, 2008 Ресей қола жүлдегері: 2007 Ресей кубогы (4): 2004/05, 2005/06, 2007/08, 2008/09 Ресей суперкубогы (4): 2004, 2006, 2007, 2009 УЕФА кубогы: 2004/05

«Ювентус»

Италия чемпионы: 2011/12

«Фенербахче»

Түркия кубогы: 2012/13

Жеке

Ресей чемпионатының үздік 33 футболшысы қатарына енді (4): № 1 (2007, 2008); № 2 (2006, 2009). Сербиядағы жыл футболшысы: 2009

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (ЦСКА Мәскеу) Профилі Алексей Третяк. Недведтің ізбасары? //

Санат:Сербия футболшылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:ЦСКА Мәскеу ФК ойыншылары Санат:Ювентус ФК ойыншылары Санат:Фенербахче ФК ойыншылары Санат:Бастия ФК ойыншылары Санат:Лехия ФК ойыншылары