Марат Наильевич Хайруллин (; 26 сәуір 1984 жылТransfermarkt.com, Қазан, КСРО) — ресейлік және қазақстандық футболшы, жартылай қорғаушы. 2011-2014 жылдары Қазақстан құрамасында ойнаған. Қазақстанның төрт дүркін чемпионы.

Мансабы "Рубин" клубының түлегі.

20017 жылы Қазақстанға бір жола келіп, "Ақтөбе" футболшысы атанды. 2010 жылы Қазақстан азаматтығын алды да, бір жылдан соң Қазақстан Ұлттық футбол құрамасына шақырту алды. 2011 жылы 3 маусымда Әзірбайжанға қарсы ЕУРО-2012 іріктеу ойынында тұңғыш матчын өткізді.

Үш жылдан соң 2014 жылы 7 маусымда Мажарстанмен жолдастық кездесуде құрама сапында соңғы рет алаңға шықты.

2016 жылы "Ақтөбе" жетекшілері ауысты да, жаңа жетекшілер Марат Хайруллинді керексінбеді. Хайруллин "Оқжетпеске" ауысты.

Кейін "Атырау", "Қайсар" клубтарында доп тепті.

Жетістіктері

Командалық

Қазақстан чемпионы (4): 2007, 2008, 2009, 2013 Қазақстан күміс жүлдегері (2): 2010, 2014 Қазақстан қола жүлдегері (3): 2011, 2012, 2015 Қазақстан кубогы: 2008 Қазақстан суперкубогы: 2008, 2014 Футзалдан Татарстан кубогы: 2016

Жеке

Қазақстанның үздік футболшысы: наурыз 2011, мамыр 2011, шілде 2012, сәуір 2013.

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі

Санат:Ресей футболшылары Санат:Қазақстан футболшылары Санат:Ресей футзалшылары Санат:Рубин ФК ойыншылары Санат:Ақтөбе ФК ойыншылары Санат:Волга ФК ойыншылары Санат:Оқжетпес ФК ойыншылары Санат:Атырау ФК ойыншылары Санат:Қайсар ФК ойыншылары Санат:Қазақстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары