Оливер Джейсон Берк (; 7 сәуір 1997 жылhttps://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/341317, Керколди, Шотландия) — шотландиялық футболшы, Шотландия Ұлттық футбол құрамасы мен "Селтик" клубының жартылай қорғаушысы.
Карьерасы
Ұлттық құрама Оливер бала кезінде Шотландиядан кетіп қалған, сол себепті де оның Англия құрамасында ойнауға мүмкіндігі болды. Бірақ футболшының өзі Шотландияны таңдады. 2016 жылы 10 наурыз күні тұңғыш рет кельттер құрамасы сапында алаңға шықты. Данияға қарсы жолдастық кездесудің 82 минутында Мэтт Ритчидің орнына ойынға қосылды.
Клубтық Кәсіпқой карьерасын 2014 жылы бастады. Содан бергі бес жыл ішінде бес рет клуб ауыстырып үлгерді. Англия клубтарымен бірге Германияның РБ Лейпциг командасында доп тепті. 2019 жылы мамыр айында тұңғыш рет тарихи отанындағы командаға - "Селтикке" ауысты. Дереккөздер
Сілтемелер Профилі
Санат:Шотландия футболшылары Санат:Шотландия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ноттингем Форест ФК ойыншылары Санат:Брэдфорд Сити ФК ойыншылары Санат:РБ Лейпциг ФК ойыншылары Санат:Вест Бромвич Альбион ФК ойыншылары