Соққы — шексіз аз уақыт ішінде дененің нүктелерінің жылдамдығының шектелген шамаға өсу құбылысы.

Абсолют серпімдi емес соққы Абсолют серпiмдi емес соққы — соққының бірінші кезеңі біткенде, дененің бүкіл механикалық энергиясының денені деформациялауға және қыздыруға жүмсалуы. Соққының қалпына келтіруші коэффициенті к=0.

Абсолют серпiмдi соққы Абсолют серпiмдi соққы — соққыдан кейін дененің механикалық энергиясының толық алғашқы қалпына келуі. Соққының қалпына келтіруші коэффициенті к=1.

Соққы түрлері Қиғаш соққы - дененің массалар центрінің жылдамдығы соққының алғашқы кезеңінде тақта нормалына бір беймәлім бұрышпен бағытталады. Тiк соққы - дененің массалар центрінің жылдамдығы соққының бастапқы кезінде тақта нормалымен бағытталған соққы,нормаль дененің массалар центрінен өтетін соққы. Соққы тұтқырлығы — соғумен иген кезде үлгіліктің қирауының меншікті жұмысы. Соққыға сынау — кетігі бар тік төрт бұрышты қималы үлгінің соққыға тұрақтылығын анықтау үшін сынау; соққымен ию тәсілімен қирауға материалды (бұйымды) механикалық сынау. Тiк центрлiк соққы — екі дене өзара соғысқанда нормальдары ортақ екі дененің жанасу нүктесі арқылы денелердің массалар центрінен өтіп және жылдамдықтары осы ортақ нормальдың бойымен бағытталған соққы. Центрлік соққы — дененің тақта мен жанасу нүктесінен жүргізілгенҚазақ тілі терминдерінің салалық ғылыми түсіндірме сөздігі:Машинажасау. — Алматы: "Мектеп" баспасы, 2007. ISBN 9965-36-417-6

Дереккөздер

Санат:Механика