Жорже Луиз Фрелло Фильо (; 20 желтоқсан 1991https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/102017, Имбитуба, Бразилия) Жоржиньо ретінде танымал — италиялық футболшы, тегі бразилиялық, жартылай қорғаушы.

Мансабы Клубтық Бразилияның Имбитуба қаласында дүниеге келіп, 15 жасында Италияға келді де, Италия азаматтығын алды. "Верона" клубының академиясына қабылданып, 2010 жылы "Эллас Верона" клубында кәсіпқой карьерасын бастады. 2010 жылы Төртінші дивизионда ойнайтын "Самбонифацезе" клубына арендаға берілді. 2011 жылы "Веронаға" қайта оралды.

2014 жылы қаңтар айында "Наполимен" төрт жылдық келісім шарт жасасты.

2018 жылы шілдеде "Челсиге" ауысты.

Ұлттық құрама Италия құрамасындағы тұңғыш ойынын 2016 жылы наурыз айында Испанияға қарсы жолдастық кездесуде өткізді. 2018 жылы УЕФА Ұлттар Лигасына, 2021 жылы Еуропа чемпионатына қатысты.

Жетістіктері

Италия кубогы: 2014 Италия суперкубогы: 2014 УЕФА Еуропа Лигасы: 2019 Еуропа чемпионы: 2021

Дереккөздер

Сілтемелер "Челси" клубының ресми сайтындағы профилі Профилі ("Верона" клубының ресми сайтында)

Санат:Бразилия футболшылары Санат:Италия футболшылары Санат:Италия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Эллас Верона ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Челси ФК ойыншылары Санат:Футболдан Еуропа чемпиондары Санат:Арсенал Лондон ФК ойыншылары Санат:Фламенго ФК ойыншылары