Дэйн Бреккен «Брек» Шей (; 28 ақпан 1990https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/71107, Колледж-Стейшен, Техас, Америка Құрама Штаттары) — америкалық футболшы, АҚШ Ұлттық футбол құрамасы мен "Атланта Юнайтед" (АҚШ) клубының жартылай қорғаушысы, тегі норвегиялық. 2013 жылғы КОНКАКАФ Алтын Кубогының жеңімпазы. Бүгінге дейін АҚШ, Англия, Канада клубтарында ойнаған.
Карьерасы Карьерасын 2008 жылы "Далласта" бастады. 2012 жылдың соңына дейін ойнап, 2013 жылы қаңтарда Англияның "Сток Сити" клубымен төрт жылдық шарт жасасты. Бірақ үшінші ойында-ақ жарақат алды да, маусым соңына дейін емделіп жатты.
2014 жылы 1 қаңтарда "Барнслиге" жалға берілді. 2014/15 жылғы маусымның бірінші жартысын "Бирмингем Ситиде" арендада өткізіп, 2014 жылы 19 желтоқсанда АҚШ-қа қайта оралып, "Орландо Сити" ойыншысы атанды.
Жетістіктері
Халықаралық АҚШ құрамасы
КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы — 2013
Жеке
АҚШ-тың үздік жас футболшысы — 2011
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:АҚШ футболшылары Санат:АҚШ Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Даллас ФК ойыншылары Санат:Сток Сити ФК ойыншылары Санат:Барнсли ФК ойыншылары Санат:Бирмингем Сити ФК ойыншылары Санат:Орландо Сити ФК ойыншылары Санат:Атланта Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары