Еспе – Солтүстік Балқаш алабындағы өзен.
Географиялық орны Қарағанды облысының Ақтоғай ауданы жерінде. Ұзындығы 80 км, су жиналатын алабы 2130 км².
Бастауы Сарыарқаның оңтүстік-шығыс бөлігіндегі Жорға (1084 м) және Үшқайың (958 м) таулары аралығынан басталады да, Балқашқа қарай ағып барып, Табақкеңтатыр аңғарына жете бере жерге сіңеді.
Гидрологиясы Көктемгі қар суымен ғана толығады. Арнасы жоғарғы және орта тұстарында жарқабақты, төменгі жағында кеңейіп, жағасы жайпақтанады. Жылдық орташа су ағыны 0,01 м³/с. Тамыз айында тартылып қалады. Суы тұщы. Көктемгі мал жайылымын суландырады.Қазақ энциклопедиясы
Дереккөздер
Санат:Ақтоғай ауданы (Қарағанды облысы) өзендері Санат:Балқаш су алабы