Мелинго Кевин Мбабу (; 19 сәуір 1995https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/183321, Шен-Бужри, Женева) — швейцариялық футболшы, тегі конголық, Швейцария Ұлттық футбол құрамасы мен "Вольфсбург" клубының қорғаушысы.
Карьерасы "Серветт" клубының түлегі, 2012 жылы негізгі команданың тізіміне ілінді. Бірақ көбіне қосалқы құрамда қап кетті де, матчтарға дерлік қатыспады. 2013 жылы "Ньюкасл Юнайтедке" өтті. Ол клубта да тек фарм-клубтардың намысын қорғай жүріп, негізгі командада онша көрінбеді.
2016 жылы отанына оралып, "Янг Бойз" футболшысы атанды. Клуб сапында екі дүркін Швейцария чемпионы атанды.
2018 жылдан бері Ұлттық құрамада ойнайды. 2018/19 жылы УЕФА Ұлттар Лигасына қатысты.
Жетістіктері
Швейцария чемпионы: 2017/18, 2018/19 УЕФА Ұлттар Лигасының жартылай финалисі: 2018/19
Дереккөздер
Профильдері http://www.espnfc.com/player/176497 http://eu-football.info/_player.php?id=30414 http://www.national-football-teams.com/player/71831.html http://www.scoresway.com/?sport=soccer&page=person&id=235506
Санат:Швейцария футболшылары Санат:Швейцария Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Серветт ФК ойыншылары Санат:Ньюкасл Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Янг Бойз ФК ойыншылары