ЧФР «Клуж» () — Румынияның Клуж-Напока қаласындағы кәсіпқой футбол клубы, Румыния чемпионатының 1 лигасында ойнайды. Румынияның бес дүркін чемпионы. Өз алаңындағы ойындарын "Констанца Радулеску" стадионында өткізеді.

УЕФА Чемпиондар Лигасының топтық турниріне шыққан Бухарестік емес жалғыз румыниялық клуб.

ЧФР — Caile Ferate Romane сөзінің қысқартылған түрі. Қазақшаға тікелей аударсақ — Румыния темір жолы деген мағына береді.

Клуб 1907 жылы құрылған. Жүз жылдан аса тарихыболса да, елдегі фаворит саналмайды. Ұзақ жылдар бойы дивиондар арасында ары бері көшумен болып, тек 2008 жылы ғана Румыния чемпионы атанды. Содан кейін бұл жетістікті 7 рет қайталады.

Тарихы

Стадион

thumb|right|280px|Константин Рэдулеску стадионы, 2012 жыл ЧФР клубы үй ойындарын Константин Рэдулеску стадионында өткізеді. 2008 жылы бұл стадион кеңейтіліп, 23 500 адамға дейін көрермен қабылдай алатын болды. Ол УЕФА-ның барлық талаптарына сай келеді және Чемпиондар лигасы матчтарын өткізуге жарамды.

2006–07 жылдары клуб 30 миллион еуро көлемінде инвестиция салып, алаңның шөбін жақсартты, заманауи жарықтандыру жүйесін орнатып, инфрақұрылымын жаңартты. Барлық жұмыс клубтың 100 жылдық мерейтойына орай 2007 жылы аяқталды. Осыған байланысты Португалияның Бенфика клубымен жолдастық кездесу өткізілді.

Жетістіктері

Ұлттық Румыния чемпионаты

Чемпион (8): 2007/08, 2009/10, 2011/12, 2017/18, 2018/19, 2019/20, 2020/21, 2021/22 Күміс жүлде (1): 2023/24 Қола жүлде (2): 2006/07, 2014/15

Румыния кубогы

Жеңімпаз (4): 2007/08, 2008/09, 2009/10, 2015/16 Финалист (1): 2012/13

Суперкубок

Жеңімпаз (4): 2009, 2010, 2018, 2020 Финалист (5): 2012, 2016, 2019, 2021, 2022

Халықаралық Интертото

Финалист (1): 2005

Сілтемелер Ресми сайт Профилі Профилі Профилі Профилі

Санат:Румыния футбол клубтары Санат:1907 жылы құрылған футбол клубтары