Марк-Вивьен Фоэ (; 1 мамыр 1975, Нколо, Камерун — 26 маусым 2003, Лион, Франция) — камерундық футболшы, жартылай қорғаушы. 2003 жылғы Конфедерациялар кубогының жартылай финалындағы Камерун-Колумбия матчы барысында жүрек талмасынан құлап, көп ұзамай қайтыс болдыhttp://www.sovsport.ru/gazeta/article-item/139940. Қайтыс болған соң сол турнирдің күміс жүлдесімен марапатталды. "Манчестер Сити" клубы Фоэның құрметіне 23-нөмірлі жейдені ешкімге кигізбеуге шешім қабылдады.
Өмірбаяны Карьерасын "Канон Яунде" клубында бастап, 1994 жылы "Лансқа" ауысты. 1998 жылғы әлем чемпионатында Фоэ Камерун құрамасының негізгі ойыншысы боп үлгерді де, "Манчестер Юнайтедке" ауысуға мүмкіндігі болғанымен, жарақаты кедергі болды да, ол трансфер жүзеге аспады.
Кейін "Лион", "Манчестер Сити" секілді топ-клубтарда доп тепті.
2003 жылғы Конфедерациялар кубогында да Фоэ жетекші ойыншылардың бірі болды, Камерун Бразилияның өзін ұтып кетті — 1:0.
Жартылай финалда Камерун Колумбиямен кездесті. 71-минутта күтпеген жерде есінен танып құлады да, дәрігерлердің арпалысқаны шипа бермей, 45 минуттан соң өмірден өтті. Финалдағы Камерун - Франция (0:1) кездесуінде футболшылар алаңға "Фоэ" деген жазуы бар жейдені киіп шықты.
Жетістіктері
Франция чемпионы (2): 1997/98, 2001/02 Франция лига кубогы (2): 1998/99, 2000/01 Камерун кубогы (1): 1993 Африка Ұлттар кубогының жеңімпазы (2): 2000, 2002 Конфедерациялар кубогының финалисі (1): 2003
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі Санат:Камерун футболшылары Санат:Камерун Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Ланс ФК ойыншылары Санат:Вест Хэм Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Олимпик Лион ФК ойыншылары Санат:Манчестер Сити ФК ойыншылары Санат:Футболдан Африка чемпиондары