Ален Богоссян (; 27 қазан 1970https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/4148, Динь-ле-Бен, Франция) — франциялық футболшы, жартылай қорғаушы.
Өмірбаяны Аленнің әкесі армян, анасы аргентиналық. Карьерасын 1992 жылы "Олимпик Марсель" клубында бастады. Бірақ сол жылы-ақ ойын практикасын жетілдіру үшін екінші лигадағы "Истр" клубына ауысты. Бір маусымнан соң "Олимпикке" оралды да, 1994 жылы "Наполиге" ауысты.
Қалған уақытта "Сампдория", "Парма", "Эспаньол" клубтарында доп тепті.
Ұлттық құрама сапында 1997-2002 жылдары ойнап, екі рет әлем чемпионатына (1998, 2002) қатысты.
Жетістіктері
Әлем чемпионы: 1998 УЕФА кубогы: 1999 Италия кубогы: 1999 Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Франция футболшылары Санат:Франция Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Олимпик Марсель ФК ойыншылары Санат:Истра ФК ойыншылары Санат:Наполи ФК ойыншылары Санат:Сампдория ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Эспаньол ФК ойыншылары Санат:Футболдан әлем чемпиондары