Олександр Володимирович Шовковський (; 2 қаңтар 1975 жыл, Киев) — украиналық футболшы, қақпашы және Украина Ұлттық футбол құрамасының ассистент-жаттықтырушысы.
Карьерасы
Клубтық Сегіз жасында "Динамо" (Киев) клубының футбол академиясына қабылданды. 1993 жылы кәсіпқой футболшы ретінде "Динамоның" негізгі құрамына тіркелді. Бірақ 1993/94 жылғы маусымның бірінші жартысын ЦСКА (Киев) клубында арендада өткізді.
1994 жылы наурыз айында тұңғыш рет Украина чемпионатында алаңға шықты.
2015 жылы 30 мамырда Украин Премьер-Лигасындағы 400-ші кездесуін өткізді.
2016 жылы желтоқсанда карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама Украина Ұлттық футбол құрамасында ұзақ жылдар бойы доп тепті. 2006 жылғы әлем біріншілігіне қатысқан. Жарақатының кесірінен 2012 жылғы Еуропа біріншілігіне қатыса алмады да, сол жылы құрамадағы карьерасын аяқтады.
Жетістіктері Динамо (Киев)
Украина чемпионы (14): 1993/94, 1994/95, 1995/96, 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/2000, 2000/01, 2002/03, 2003/04, 2006/07, 2008/09, 2014/15, 2015/16 Украина кубогы (11): 1992/93, 1995/96, 1997/98, 1998/99, 1999/2000, 2002/03, 2004/05, 2005/06, 2006/07, 2013/14, 2014/15 Украина суперкубогы (6): 2004, 2006, 2007, 2009, 2011, 2016 Достастық кубогы (4): 1996, 1997, 1998, 2002
Жеке
Украинаның үздік қақпашысы: 1994, 1997, 1998, 1999, 2003, 2004, 2005, 2006, 2011 Украина жыл футболшысы: 2004/05 Украина чемпионатындағы ең көп ойын өткізген футболшы
Дереккөздер
Сілтемелер Профилі Профилі
Санат:Украина футболшылары Санат:Украина Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Динамо Киев ФК ойыншылары