Хакан Шүкүр (; 1 қыркүйек 1971, Адапазары, Сакарья, Түркия) — түркиялық футболшы, шабуылшы, саясаткер.
Мансабы Клубтық Карьерасында Түркия, Италия, Англия клубтарында ойнады. Бірақ карьерасының басым бөлігін "Галатасарайда" өткізді. "Галатасарай" сапында сегіз рет Түркия чемпионы, 2000 жылы УЕФА кубогы мен УЕФА суперкубогы жеңімпазы атанды.
Және де "Торино", "Парма", "Блэкберн Роверс", "Интернационале" секілді клубтарда доп тепті. Бірақ бұлардың ешқайсысында бір маусымнан артық ойнамады.
2008 жылы карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама 2000 жылғы Еуропа чемпионатында Бельгияның қақпасына екі гол соқты.
2002 жылғы әлем біріншілігінің үшінші орын үшін кездесуінде Оңтүстік Корея қақпасына әлем чемпионаттары тарихындағы ең жылдам голды соқты (11-секундта).Хакан Шүкір#
Саяси мансабы 2013 жылға дейін "Әділет және Даму" партиясының мүшесі болды. 2015 жылы елдегі қысымға байланысты Түркиядан кетуге мәжбүр болды.
Жетістіктері
Командалық Галатасарай
Түркия чемпионы: 1992/93, 1993/94, 1996/97, 1997/98, 1998/99, 1999/00, 2005/06, 2007/08 Түркия кубогы: 1987/88, 1992/93, 1995/96, 1998/99, 1999/00, 2004/05 УЕФА кубогы: 1999/00 УЕФА суперкубогы: 2001
Парма
Италия кубогы: 2001/02
Түркия
ӘЧ қола жүлдегері: 2002
Жеке
Күміс бутсы (1998). Әлемнің үздік шабуылшысы (FİFA): 1997 Азияның үздік футболшысы: 1994.
Дереккөздер
Сілтемелер Статистикасы Фан-сайт Хакан Шүкір (UEFA.com)
Санат:Түркия футболшылары Санат:Түркия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Галатасарай ФК ойыншылары Санат:Торино ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары Санат:Парма ФК ойыншылары Санат:Блэкберн Роверс ФК ойыншылары Санат:Бурсаспор ФК ойыншылары