Бахтиёр Азамович Ашурматов (; 25 наурыз 1976 жыл, Қоқан, Өзбек КСР, КСРО) — өзбек футболшысы, қорғаушы.
Карьерасы Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасында және Өзбекстан, Ресей клубтарында ойнаған. Өзбекстанның "Пахтакор", "Дустлик", "Бунедкор", "Локомотив" (Ташкент) секілді белді клубтарының бәрінде ойнады.
2012 жылы Ташкенттің "Локомотивінде" ойнап жүріп футбол ойнауды доғарды да, бапкерлікке кірісті. Бірінші лигада ойнап жүрген "Гүлстан" клубының тізгінін ұстады да, лига жеңімпазы атанып, жоғары лигаға жолдама әперді.
Кейін бапкер ретінде бірнеше клуб ауыстырды. Жаттықтырушылық карьерасындағы екінші табысына 2018 жылы қол жеткізді: АТМК клубымен бірге Өзбекстан кубогын ұтып алды.
2018 жылы желтоқсанда "Бұхара" клубының бас бапкері қызметіне кірісті.
Жетістіктері
Футболшы ретінде МХСК Ташкент
Өзбекстанның вице-чемпионы: 1995
Пахтакор
Өзбекстан чемпионы (3): 1998, 2002, 2004 Өзбекстан кубогы (3): 2001, 2002, 2004
Дустлик
Өзбекстан чемпионы: 2000 Өзбекстан кубогы: 2000
Бунёдкор
Өзбекстан чемпионы (3): 2007, 2008, 2009 Өзбекстан кубогы: 2008 АФК Чемпиондар лигасының жартылай финалисі: 2008
Бапкер ретінде Гүлстан
1-лига жеңімпазы: 2012
АГМК
Өзбекстан кубогы: 2018
Дереккөздер
Санат:Өзбекстан футболшылары Санат:Өзбекстан Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Өзбекстан футбол жаттықтырушылары Санат:Дустлик ФК ойыншылары Санат:Пахтакор ФК ойыншылары Санат:Крылья Советов Самара ФК ойыншылары Санат:Бунедкор ФК ойыншылары Санат:Хорезм ФК ойыншылары Санат:Локомотив Ташкент ФК ойыншылары Санат:Алания ФК ойыншылары Санат:Навбахор ФК жаттықтырушылары Санат:Әндіжан ФК жаттықтырушылары Санат:Бұхара ФК жаттықтырушылары Санат:АТМК ФК жаттықтырушылары