Эшли Саймон Янг (; 9 шілде 1985 жыл, СтивениджAshley Young maturing nicely at Aston Villa. The Times. 01.12.2007., Хартфордшир, Англия) — ағылшын футболшысы, "Интернационале" клубының жартылай қорғаушысы.

Мансабы "Уотфорд" клубының түлегі. 2003-07 жылдары осы клубтың намысын қорғады.

2007 жылы 10 қаңтар күні "Астон Виллаға" ауысты. 31 қаңтар күні "Ньюкасл Юнайтедке" қарсы тұңғыш рет алаңға шықты. Ал 2007/08 жылғы маусымда бірнеше рет "матчтың үздік ойыншысы" номаинациясын иеленді де, осы жетістіктерінен соң Ұлттық құрамаға да шақыртылды. 2007 жылы 16 қараша күні тұңғыш рет Ұлттық құрама сапында Аустрия құрамасына қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.

2011 жылы 23 маусымда "Манчестер Юнайтед" футболшысы атанды.

2012 жылғы Еуропа чемпионатында Эшли құраманың барлық кездесуінде алаңға шықты.

2015 жылы "Манчестер Юнайтедпен" келісім шартын 2018 жылға дейін ұзартты.

Жетістіктері

Командалық Манчестер Юнайтед

Англия чемпионы: 2012/13 Англия кубогы: 2015/16 Лига кубогы: 2016/17 Англия суперкубогы: 2011 УЕФА Еуропа Лигасы: 2016/17

Жеке

«Уотфордтың» маусымдағы үздік жас ойыншысы: 2004/05 Премьр Лиганың үздігі (3): сәуір 2008, қыркүйек 2008, желтоқсан 2008

Дереккөздер

Сілтемелер Профилі (ManUtd.com) Профилі Профилі Статистикасы (EnglandStats.com)

Санат:Англия футболшылары Санат:Англия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Уотфорд ФК ойыншылары Санат:Астон Вилла ФК ойыншылары Санат:Манчестер Юнайтед ФК ойыншылары Санат:Интернационале ФК ойыншылары