Душан Баевич (; 10 желтоқсан 1948 жыл, Мостар, Югославия) — югославиялық футболшы, шабуылшы, футбол жаттықтырушысы.
Карьерасы Карьерасының көп бөлігін "Бележ" футбол клубында өткізді. 11 маусым ойнады да, 1977 жылы ғана клубтан кетіп, Грекияның АЕК клубына барып, ол жақта төрт жыл ойнады, 1981-83 жылдары қайтадан "Вележде" ойнағаны болмаса, Грекияда дерлік тұрақтап қалды. Себебі, бапкерлік карьерасының көп бөлігін Грекияда өткізіп, "Олимпиакос", АЕК, ПАОК, "Арис" секілді клубтарды жаттықтырды. Бапкер ретінде Грекияның бірнеше дүркін чемпионы атанды, алты рет Грекияның үздік бапкері атағын жеңіп алды.
Ұлттық құрамада Югославия құрамасы сапында тұңғыш рет 1970 жылы сәуір айында Аустрияға қарсы жолдастық кездесуде алаңға шықты.
1974 жылғы әлем чемпионатына қатысып, екінші турда Заирдің қақпасына үш гол соқты. Үшінші турда Шотландияның қақпасына, екінші кезеңде Польшаға бір-бір доптан соқты.
Соңғы кездесуін 1977 жылы 8 мамырда Румыния құрамасына қарсы өткізді.
Жетістіктері
Командалық
«Вележ»
Югославия чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1972/73, 1973/74 Югославия чемпионатының қола жүлдегері: 1969/70
АЕК (Афина)
Грекия чемпионы (2): 1977/78, 1978/79 Грекия чемпионатының күміс жүлдегері: 1980/81 Грекия кубогы: 1977/78
Бапкер ретінде
«Вележ»
Югославия чемпионатының күміс жүлдегері: 1986/87 Югославия чемпионатының қола жүлдегері (2): 1985/86, 1987/88 Югославия кубогы: 1985/86
АЕК (Афина)
Грекия чемпионы (4): 1988/89, 1991/92, 1992/93, 1993/94 Грекия чемпионатының күміс жүлдегері (2): 1989/90, 1995/96 Грекия чемпионатының қола жүлдегері (2): 1990/91, 2002/03 Грекия кубогы: 1995/96 Грекия суперкубогы: 1989 Грекия Лига кубогы: 1989/90
«Олимпиакос» (Пирей)
Грекия чемпионы (4): 1996/97, 1997/98, 1998/99, 2004/05 Грекия кубогы (2): 1998/99, 2004/05
ПАОК
Грекия кубогы: 2000/01
Жеке
Югославияның жыл футболшысы: 1972 Югославия чемпионатының үздік мергені: 1969/70 (20 гол) Грекия чемпионатының үздік мергені: 1979/80 (25 гол) Грекия кубогының үздік мергені (2): 1978 (9 гол), 1979 (9 гол) Грекияның үздік бапкері (6): 1996, 1998, 1999, 2001, 2003, 2008
Сілтемелер Профилі (worldfootball.net)
Санат:Югославия футболшылары Санат:Югославия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Югославия футбол жаттықтырушылары Санат:Босния және Герцеговина футбол жаттықтырушылары Санат:АЕК Афина ФК ойыншылары Санат:АЕК Афина ФК жаттықтырушылары Санат:Олимпиакос Пирей ФК жаттықтырушылары Санат:Црвена Звезда ФК жаттықтырушылары Санат:Омония Никосия ФК жаттықтырушылары