Владимир Стойкович (вуковица: Владимир Стојковић, гаевица: Vladimir Stojković; 28 шілде 1983https://www.transfermarkt.com/transfermarkt/profil/spieler/34400, Лозница, Югославия) — сербиялық футболшы, қақпашы. Сербия және Черногория сапында 2006 жылы әлем чемпионатына, Сербия сапында 2010 және 2018 жылғы әлем чемпионаттарына қатысқан. 2008 жылғы Жазғы Олимпиада ойындарына да қатысты.
Қызықты фактілер "Црвена Звезда" клубының түлегі болғандықтан, "Црвена Звезда" жанкүйерлері 2010 жылы Владимирдің "Партизанға" өткенін ұнатқан жоқ. Себебі бұл екі клуб бір-бірімен бітіспес қарсылас болатын. "Црвена" жанкүйерлері өздерінің форумында Стойковичке арнап некролог оқыды, сондай-ақ сол жылы 12 қазанда Сербия - Италия матчында Стойковичке әр нәрсе лақтырды. Стойкович жарақат алды да, нәтижесінде ойын өтпей қалды.
Жетістіктері
Сербия чемпионы (2): 2011/12, 2012/13 Португалия кубогы (1): 2007/2008 Португалия суперкубогы (1): 2007
Дереккөздер
Сілтемелер Футболшының профилі
Санат:Югославия футболшылары Санат:Сербия және Черногория футболшылары Санат:Сербия футболшылары Санат:Сербия және Черногория Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Сербия Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Црвена Звезда ФК ойыншылары Санат:Нант ФК ойыншылары Санат:Витесс ФК ойыншылары Санат:Спортинг Лиссабон ФК ойыншылары Санат:Хетафе ФК ойыншылары Санат:Уиган Атлетик ФК ойыншылары Санат:Партизан Белград ФК ойыншылары Санат:Маккаби Хайфа ФК ойыншылары Санат:Ноттингем Форест ФК ойыншылары