«Борат: Қазақстанның атақты халқы игілігі үшін америкалық мәдениетті зерттеу» () — фильм продюсерлерінің және сценарий авторларының бірі - британдық комик Саша Барон Коенның қатысуымен шыққан режиссёр Ларри Чарльздың кинофильмы. Фильм псевдодеректі фильм-комедия болып табылады. Фильмнің бас кейіпкері - Коен ойнаған, АҚШ-ты саяхаттап, әртүрлі адамдармен кездесіп жүрген қазақстандық тілші — Борат Сағдиев. «Борат» Коенның «Али Джи шоуы» сатирикалық телебағдарлама кейіпкерлерінің негізінде түсірілген екінші фильм.

Дүниежүзілік кинотеатрларындағы шектеулі прокатқа қарамастан, фильм дүниежүзілік прокатта 18 млн доллар бюджетінде доллар жинап, коммерциялық табысқа ие болды, сондай-ақ жақсы сыншылар пікірлерін алды. 2006 жылы Саша Барон Коен Борат рөлі үшін «музыкалық фильм мен комедиядаға үздік актер» номинациясында «Алтын глобусқа» ие болды. «Борат» «үздік икемделген сценарий» номинациясында «Оскарға» ұсынылды.

Фильм слоганы: «Қазақстанға келіңіз, ол ұнамды!» ().

Сюжеті thumb|left|Саша Барон Коен Борат кейіпінде Кёльндегі фильм премьерасында Борат «Қазақстан ақпарат министрлігінің» бұйрығы бойынша өзінің продюсері Азамат Бағатовпен бірге деректі фильм-репортаж түсіру үшін Қазақстаннан АҚШ-қа аттанады. Ол туған Күшкектегі үйінде анасын, әйелі Оксананы, жезөкше қарындасын (Қазақстандағы жезөкшелік деген бетті қараңыз), есалаң ағасы Билоны тастап, АҚШ-қа ұшады.

АҚШ-та болған уақытта Борат «Малибу құтқарушылары» () телехикаясының эпизодын көріп, басты рөл ойнаушы, актриса Памела Андерсонға ғашық болып қалады. Көп ұзамай оған әйелінің қайғылы қайтыс болғаны туралы хабар жетеді. Борат, зайыптық борыштан босатылғаннан соң, оң рульді жартылай бұзылған балмұздақ сатушы фургонын сатып алып, Бағатовпен бірге Лос-Анджелеске барып, Памела Андерсонның «вагина́йын» () алып, оған үйленуге шешім қабылдайды.

Жол бойы ол деректі фильм түсіруін жалғастырады. Борат феминист қыздармен, Cee-lo ойынын ойнап жүрген жас қара нәсілді адамдармен кездеседі, еврейлік жұп ие жекеменшік қонақ үйде қонады. Кейінірек қожайындардың ұлтын біліп, ол сол жақтан қашады (фильмге сәйкес, қазақтардың түсінігінде еврейлер кез келген затқа айналатын бүкіл әлемдік бақытсыздық болып саналады, сондықтан Борат пен Азамат түр-тұлпатын өзгерткен еврейлер болып қабылданған тарақандардан өтеуін беріп құтылу үшін долларлар лақтырады). Сондай-ақ Борат Салемдегі ковбой родеосына барып, сөз сөйлейді. Сөзінде ол президент Буштың Ирактың барлық азаматтарын өлтіруіне тілектес екенін айтады, және американдық әнұран музыкасына құралған Қазақстанның ойдан шығарылған әнұранын әндетеді (барлық әнұран мәтіні «Қазақстан — ең ұлы мемлекет» және «Қазақстан — әлемдегі калийдың бас өндірушісі» сөйлемдерінен құралған). Кейін ол еврейлерден қорғануға қару алу үшін Оңтүстік штаттары конфедерациясының уақытындағы жәдігерлері бар антикварлық дүкенге барады.

Памела Андерсонға мәжбүрлі түрде үйленудегі сәтсіз әрекетінен кейін, Борат бақыт «пластмассалық емшекте» емес екенін, қарым-қатынаста екенін түсініп, қара нәсілді жезөкшені әйел қылып алады және олмен бірге Қазақстанға қайтады. Барлық сюжет дәретхана әзілдерімен (соның ішінде ЛГБТ туралы) араласқан.

Шығарылуы Түсірілімдер Қазақстандағы болған көріністер, шынында Румыниядағы Дымбовица жудеціндегі Глод селосында түсірілді.

Фильмнің көптеген көріністері сценарийсіз түсірілді, сондай-ақ Борат, Азамат, Памела Андерсон, қара нәсілді жезөкше қыз бен Бораттың отбасы мүшелерінен басқа рөлдерді әуесқой актерлер ойнады.

Тіл Қазақша сөйлейтін тәрізді бірнеше кейіпкерлер, шын мәнінде румынша сөйлейді. Бораттың әйелін ойнаған актриса шын мәнінде Қазақстанда дүниеге келген.

Саша Барон Коэн (Борат) қазақша емес, поляк тілі аралас бұрмаланған ивритте, ал Азаматтың рөлін сомдаған актёр Кен Давитян армян тілінде сөйлейдіBorat: Cultural Learnings of America for Make Benefit Glorious Nation of Kazakhstan (2006). Фильмде бірнеше славян тілдеріндегі қақпа сөздер бар (мысалы, Борат сәлемдесуге қолданатын «Як ше маш!» сөзі шын мәнінде поляк тіліндегі сұрақ сөзі болып табылады; «Jak się masz?» = «Қалың қалай?»). Қоштасу сөзі ретінде Борат «dziękuję» сөзін қолданады (поляк тілінен «рахмет» деп аударылады). Сонымен қатар Борат пен Азамат көптеген қазақша, армянша және орысша балағат сөздер қолданады.

Алынып тасталған көріністер DVD-де фильмнен алынып тасталған бірнеше көріністер бар. Соның ішінде Борат Сағдиевтың көлік аялдамасында ұсталуы, үйсіз жануарларға арналған баспанаға барып, иттерді оны еврейлерден қорғауға мәжбүрлеуі. Сондай-ақ, абақты қызметкерлерінің сотқа шағым беру қауіпі кесірінен Бораттың абақтыға жауып қою көрінісі алынып тасталдыPerry, Tony. AZcentral.com: «Borat» crew ends up shooting blanks in jail. 2006-12-4. Retrieved on 2006-12-21.

Саундтрек Фильм әндері бар альбом 2006 жылдың 24 қарашасында iTunes Store-да, 31 қарашада дүкендерде шықты. Альбомда барлығы 40 минут 38 секунд ұзақтығымен 18 трек барDon’t Throw 'Borat' Soundtrack Down the Well. SPIN.com, 2006-10-12. Retrieved on 2007-03-11..

Фильм жасаушылары

Түсірілім тобы Режиссёр — Ларри Чарльз Сценарийші — Саша Барон Коен, Питер Бейнхэм, Энтони Хайнс, Ден Мазер Оператор — Энтони Хардвик, Люк Гейссбухлер Композитор — Эрран Барон Коен Продюсерлері — Моника Левинсон, Питер Бейнхем, Ден Мазер, Джей Роуч

Рөлдерде Саша Барон Коен — Борат Сағдиев Кен Давитян — Азамат Бағатов Лунелл Кемпбелл — камео Памела Андерсон — камео Боб Барр — камео Митчелл Фальк — Қазақстан премьер-министрі

Прокатқа тыйым салынуы Фильм прокатына Ресей, Украина, Беларусь, Иордания, Кувейт, Бахрейн, Оман, Катар және Қазақстан елдерінде тыйым салынған.

Қазақстанның фильмге реакциясы Басында Қазақстан үкіметі Боратты кінәлады. 2005 жылы Бораттың MTV Movie Awards-қа қатысқанынан кейін Қазақстан сыртқы істер министрі Саша Барон Коэнға талап қоятынын айтып, қазнеттегі Бораттың www.borat.kz сайтын жаптыWolf, Buck. Kazakhstan Not Laughing at 'Ali G'. ABC News, 15 November 2005. Retrieved on 8 March 2007Lee, Matthew. Films Listed Among Human Rights Victims . The Guardian, Associated Press, 8 March 2007. Retrieved on 2007-03-08.. Сондай-ақ Қазақстан Бораттың эффектісіне қарсы «Еуразия жүрегі» атты көпмилионды кампаниясын жүргізді; Барон Коэн Ақ Үй алдында өткізілген баспасөз конференциясында кампанияны Өзбекстанның «зұлым ақымақтарының» пропагандасы деп айыптады. Фильм бойы Борат Өзбекстанды еврейлерден кейінгі екінші басты мәселе ретінде атап өтеді. 2006 жылдың қарашасында қазақстандық шоумен Жантемір Баймұхамедов Барон Коэнға жылқы еті мен зәрін сыйлау мақсатымен Лондонға барды. Онда ол Барон Коэнмен кездесу өткізе алмадыhttp://www.bbc.co.uk/culture/story/20161028-what-kazakhstan-really-thought-of-borat.

2006 жылы Gemini Films, 20th Century Fox-тың ортаазиялық дистрибьюторы Қазақстан үкіметінің фильмді прокатқа шығармау сұрауын орындады. Сол жылы, Қазақстан елшісі Ерлан Ыдырысов, фильмді көрген соң, оның эпизодтары күлкілі деп айтып, фильм "Қазақстанға картада орын алуына көмектесті" деп жазды. 2012 жылы Қазақстан сыртқы істер министрі Ержан Қазыханов фильмнің елдегі туризмның анағұрлым өсуіне ықпал еткені үшін алғысын білдірді.

Қазақстан үкіметі мен Британия кеңесімен жұмыс істеген, Қазақстанның қоғаммен байланыс маманы Ерлан Асқарбековтың 2016 жылы BBC сайтында жазған мақаласында фильм шығарылымынан кейін он жыл өткен соң қазақстандық БАҚ-тағы оның көптеген әріптестері Боратты пиардың бағалы мүмкіндігі ретінде тапты дейді. Оның айтуынша, фильмге анағұрлым ренжіген АҚШ пен Ұлыбританияда оқитын қазақстандық студенттер. Олар фильмнің сатирикалық түпкі ойын түсінген, бірақ олардың қазақстандық емес құрбылары фильмде елдің нақты бейнесі көрсетілді деп қабылдайтынын атап өткен. Ол "...21 ғасырдың Токвиль Алексисы секілді АҚШ-ты бейтарап көзқарастан көрсетіп, Борат араласқан американдықтардың ырымшылдығын көрсету..." үшін шығарылғанын түсінген соң фильмге деген елдегі қызығушылық төмендегенін пайымдайды.

Венадаға көрсетілімде Караван газеті рецензенті фильмді көргеннен кейін, оны жылдың ең үздік фильмі деп атады. Газетте жарияланған мақалада бұл "... әрине, антиқазақстандық, антирумындық немесе антисемиттік" фильм емес, керісінше "...таңқаларлық күлкілі және бір уақытта жабыраңқы қатал антиамерикандық" фильм делінгенBirds get the best of Bond. The Guardian, 20 November 2006. Retrieved on 2007-03-17.. Тағы бір жағымды сөз жазушы Сапабек Әсіпов айтқан. Ол Барон Коэнды Қазақ меценаттар клубы тағайындайтын жыл сайынғы марапатты беруге ұсынды. "Время" газетінде жарияланған мақалада, Әсіпов былай деп жазады: "Борат тәуелсіздік жылдар бойы билік жасай алмаған Қазақстанға деген бүкіл әлем қоғамдастығы қызығушылығын оятты. Мемлекеттік шенеуніктерге мысқыл сезім жетпесе, ел әлемге сайқымазаққа айналады" . Сондай-ақ Amazon UK Қазақстаннан Борат фильмінің DVD-ейіне тапсырыс көптігін хабарладыBorat DVD a top seller in Kazakhstan. CBC Arts, 12 March 2007. Retrieved on 2007-04-12..

Дереккөздер

Сілтемелер

(38 пікір) (213 пікір)

Санат:АҚШ фильмдері Санат:Ұлыбритания фильмдері Санат:20th Century Fox фильмдері Санат:АҚШ кинокомедиялары