Қаратұрық — Алматы облысы Еңбекшіқазақ ауданындағы ауыл, Қаратұрық ауылдық округі орталығы.

Географиялық орны Аудан орталығы — Есік қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 52 км-дей жерде, жусан, ши аралас бетеге, боз, баялыш, бұйырғын өскен Іле аңғарының сұр, бозғылт қоңыр, қоңыр топырақты шөлейт жазығында орналасқан.

+ Халқының саны (1999, 2009, 2021)2009 жылғы Қазақстан Республикасы халқының Ұлттық санағының қорытындылары. Астана 2011. 1 том 2021 жылғы ұлттық халық санағының қорытындылары1999 2009 2021 2021 2009-ға пайызбен Ерлер 2009 Ерлер 2021 2021 2009-ға пайызбен Әйелдер 2009 Әйелдер 2021 2021 2009-ға пайызбен27083565 3755 105,3 1741 1888 108,4 1824 1867 102,4

Тарихы Ауыл 1963-97 жылдары А.Саттаров атындағы темекі өсіретін кеңшардың орталығы болды. Оның негізінде 400 Қаратұрықта және округке қарасты Ащысай, Достық, Тауқаратұрық және Лавар ауылында 1997 жылдан Саттаров атындағы өндірістік кооператив және 400-ге жуық шаруа қожалығы құрылды.

Инфрақұрылымы Ауылдарда 4 орта, 1 бастауыш мектеп, 4 кітапхана, 2 мәдениет үйі, 2 клуб, 4 фельдшер-акушерлік пункт, 1 медпункт бар. Қаратұрық арқылы Алматы-Нарынқол автомобиль жолы өтеді.Жетісу энциклопедия. - Алматы: «Арыс» баспасы, 2004 жыл. — 712 бет + 48 бет түрлі түсті суретті жапсырма. ISBN 9965-17-134-3

Дереккөздер

Санат:Еңбекшіқазақ ауданы елді мекендері