Харед Франсиско Борхетти Эчаваррия (; 14 тамыз 1973 жыл, Кульякан, Синалоа) — мексикалық футболшы, шабуылшы.
Карьерасы
Клубтық 1994 жылы "Атлас" сапында кәсіпқой карьерасын бастады. Алғашқы ойынын 6 наурызда "Америка" (Мехико) клубына қарсы өткізді. 1996 жылы "Сантос Лагунаға" ауысты. Бұл командада сегіз маусым ойнап, 300-ден аса кездесуде алаңға шықты.
2005 жылы Англия Премьер лигасында бағын сынап, бір маусым "Болтонда" ойнады. 2006 жылы Сауд Арабиясының "Әл-Иттихад" клубында ойнады.
2006 жылы желтоқсанда Мексикаға оралып, "Крус Асуль" клубына өтті. 2010 жылға дейін бірнеше мексикалық клубта ойнап, карьерасын аяқтады.
Ұлттық құрама Мексика құрамасы сапында тұңғыш рет 1997 жылы алаңға шықты.
2002 жылы әлем чемпионатына қатысып, топтық турнирдің үшінші кезеңінде Италияның қақпасына бір гол соқты. Алаңнан сыртқа кетіп бара жатқан допты қақпаның алыс бұрышына баспен бұрып жіберді де, чемпионаттағы ең әдемі голдардың бірін соқты.
2006 жылы әлем чемпионатына қатысты, екі кездесуде алаңға шықты, бірақ мергендігімен көзге түсе алмады.
Сондай-ақ 2001 жылы Америка кубогына, 2003, 2005, 2007 жылдары КОНКАКАФ Алтын кубогына қатысты.
Жетістіктері
Мексика чемпионы (2): Қыс 1996, Жаз 2001 КОНКАКАФ Алтын кубогының жеңімпазы (1): 2003 Мексика чемпионатының үздік мергені (3): Қыс 2000, Жаз 2001 Мексикадағы жыл футболшысы (1): 2000 «Сантоса Лагуна» тарихындағы үздік мерген «Сантоса Лагуна» сапында ең көп ойын өткізген футболшы
Дереккөздер
Сілтемелер http://www.soccer-fans-info.com/jared-borgetti.html
Санат:Мексика футболшылары Санат:Мексика Ұлттық футбол құрамасының ойыншылары Санат:Атлас ФК ойыншылары Санат:Сантос Лагуна ФК ойыншылары Санат:Пачука ФК ойыншылары Санат:Болтон Уондерерс ФК ойыншылары Санат:Әл-Иттихад Жидда ФК ойыншылары Санат:Крус Асуль ФК ойыншылары Санат:Монтеррей ФК ойыншылары Санат:Гвадалахара ФК ойыншылары Санат:Пуэбла ФК ойыншылары Санат:Атлетико Морелия ФК ойыншылары Санат:Леон ФК ойыншылары Санат:Футболдан Солтүстік Америка чемпиондары