Қызылсай – Сорбұлақ көлінің солтүстік-батысындағы шоқы.

Географиялық орны Алматы облысы Жамбыл ауданы, Қопа ауылының солтүстік-шығысында 38 км жерде орналасқан.

Жер бедері Абсолюттік биіктігі 813 м. Солтүстік-батыстан оңтүстік-шығысқа қарай 2 км-ге созылған, енді жері 1 км. Беткейі көлбеу. Солтүстігінде Дауластышоқы шоқысы, шығысында Күрті бөгені, оңтүстік-шығысында Ұзынсайбас, Баулық төбелері, оңтүстік-батысында Қалыптас тауы жатыр.

Өсімдігі Қоңыр топырақ жамылғысында бетеге, боз, жусан, изен, ебелек аралас астық тұқымдас өсімдіктер өседі.Қазақстан табиғаты:Энциклопедия / Бас ред. Б.Ө.Жақып. - Алматы:" Қазақ энциклопедиясы" ЖШС, 2011. Т.З. - 304 бет. ISBN 9965-893-64-0 (Т.З.), ISBN 9965-893-19-5

Дереккөздер

Санат:Жамбыл ауданы (Алматы облысы) таулары