Қазақша бизнес () — толық метражды көркем фильм, «Қазақша бизнес» медиафраншизасының бірінші фильмі. 2016 жылы Kazteleproduct киностудиясы шығарған.
Сюжеті Кез-келген кәсіпкер дұрыс таңдалған қызметкерлер — табыстың басты көзі екенін біледі. Жомарт — қонақ үйі бар, қарапайым кәсіпкер. Оның кәсібінде жаңа леп пайда болады, оның жобасымен алпауыт инвестор қызығып отыр. Және ең жауапты сәтте, қонақ үйді презентацияға дайындау үшін, барлық қызметкерлер жұмыстан кетіп қалады. Бірақ адам адамға қасқыр болса, Қазақстанда адам адамға туысқан.
Рөл сомдағандар Жомарт Балтабаев — Нұрлан Қоянбаев Ален — Жан Байжанбаев Қайырбек — Әбунасыр Серіков Айсұлу — Гүлназ Жоланова Лаура — Құралай Анарбекова Мақпал — Дариға Бадықова Мария — Ольга Спирина Жеңіс — Әлішер Утев Бағдәулет — Қажет Смағұлов Еркош — Рамазан Амантай Инвестор — Сиддхарт Шукла
Дереккөздер
Санат:Қазақстан кинокомедиялары Санат:2016 жылғы Қазақстан фильмдері Санат:2016 жылғы кинокомедиялар Санат:Қазақ тіліндегі фильмдер Санат:Жеңісхан Момышев фильмдері Санат:Қазақша бизнес Санат:Отбасы туралы фильмдер Санат:Алматыда түсірілген фильмдер Санат:Орыс тіліндегі фильмдер