Жанбота Еркінқызы Алдабергенова (23 қыркүйек 1995 жылы Шымкент қаласы) — акробатикада өнер көрсетуші қазақстандық фристайлшы, әлем Кубогының бірінші кезеңінің жүлдегері, үш Олимпиадалық ойындарға қатысушысы (2014 және 2018, 2022). Өмірбаяны Жанбота Алдабергенова М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін бітірді, қазір Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-де оқиды (юриспруденция-құқық қорғау қызметі). Алматы қаласы атынан өнер көрсетеді. Оқудан бос уақытын жаттығу және спорт жиындарында өткізеді. Оның қоржынында – ірі жарыстарда бірқатар күрделі жеңістері бар: 2011 жылы Қазақстан Республикасы Кубогында спортшы 1-орын алды, 2012 жылы Раубичи (Белорусь) Еуропа Кубогы кезеңінде қола жүлдеге ие болды.Еуропа кубогы—2012 2015 жылы Әлем Чемпионатының (Италия) күміс жүлдегері. Еуропа Кубогының бірнеше дүркін жеңімпазы және жүлдегері. Еуропа Кубогы бойынша 2015-2016 жылғы маусымның абсолюттік жеңімпазы. Әлем кубогының күміс жүлдегері. Сочидағы Олимпиадада 6-ші нәтиже көрсетті. 2018 жылғы Олимпиадалық ойындарда 13-ші болды.Закон.кз сайтында
2019 жылы желтоқсан айында фристайл-акробатика бойынша Еуропа Кубогы кезеңі аясында синхронды секіру бойынша Рука атты Финляндия қаласында алтын медальға ие болды.Еуропа кубогы-2019
Дереккөздер
Санат:Алфавит бойынша фристайлшылар Санат:Қазақстан фристайлшылары