«Дельфин оқиғасы» () — 2011 жылғы режиссёр Чарльз Мартин Смиттің отбасылық драма фильмі. Фильмде Уинтер атты дельфиннің тағдыры жайлы айтылған, фильм шынайы оқиғаға негізделген. Фильмнің тұсаукесері 2011 жылғы 23 қыркүйекте болды. Продюсерлері — Брэд Аренсмен, Дэвид Йэтс. Фильмді түсіруге және кітапты жазуға шабыттандырған «Уинтер» дельфинінің шынайы оқиғасы, ол 2005 жылы Флорида штатының жағажайында құтқарылып, «Clearwater Marine Aquarium» акуариумына жеткізілді және әлі күнге дейін сол жақта бағып — күтілуде. Уинтер теңіз шаяндарына арналған тұзақтың жібіне байланып, құйрығын жоғалтады. Бірақ, оның құйрығын протез, яғни жасанды құйрық алмастырды.
Сюжет Сойер Нельсон, 11 жастағы жалғыздық зардабын тартып жүрген бала. 5 жыл бұрын оны әкесі тастап кеткелі бері мектеп үлгерімі өте нашар. Оның жалғыз досы оның бөлесі Кайл. Кайл жүзу чемпионы, оның арманы Олимпиада ойындарына қатысу. Бір күні Сойер мектепте өз велосипедімен бара жатқанда, жаралы дельфинге көмектеспек болып жүрген балықшыны көреді. Балықшы баладан 911 қызметіне қоңырау шалуға телефон сұрайды. Дельфин теңіз шаяндарына арналған тұзақтың жіптеріне байланып, жараланған. Оқиға орнына Clearwater Marine Aquarium (CMA) қызметкерлері келіп оны CMA ауруханасына алып кетеді. Сойер өзіне жаңа дос тапқанын сезеді. Ал CMA-да өзіне көптеген дос табады.
Рөлдерде АктёрРөліСипатыНатан ГэмблСойер Нельсон 11 жастағы бала, Уинтерді жіптен босатып, оның жақын досына айналады және дельфинде бұл бала әкелік бейнеде қалыптасқанУинтерУинтер дельфиніБұл рөлді Уинтер дельфиннің өзі ойнады. Оның құйрығы бактериялардың кесірінен шіру үдерісі басталды, және оның құйрығын кейін кесуге мәжбүр болдыГарри Конник кішіКлэй ХаскеттCMA акуариумындағы дәрігер, Хейзелдің әкесіЭшли ДжаддЛореан Нельсон Сойердің анасыКрис КристофферсонРид ХаскеттКлэйдің әкесі, Хейзелдің атасыМорган ФриманКеммерн МаккартиПротездің дизайнері, Кайлдың ауруханадағы дәрігеріКим Остренко Алиса КоннелланКайлдың анасы, Сойердің тәтесі, Лореанның әпкесіДжим ФицпатрикМакс КоннелланКайлдың әкесі, Сойердің ағасыКози ЗуэлсдорфХейзел Хаскет11 жастағы қыз, Клэйдің қызы, Ридтің немересі, Сойердің досыРэй Маккиннонмистер ДойлСойердің мектептегі мұғаліміОстин СтоуэллКайл КоннелланСойердің бөле ағасы, штаттағы жүзуден чемпионМайкл РоаркДонован ПекаКайлдың досы, олда штаттағы жүзуден чемпионФрэнсис СтернхагенГлории ФоррестClearwater Marine Aquarium-ның иесіОстин ХайсмитФибиClearwater Marine Aquarium-де тренерБетси ЛэндинКэтClearwater Marine Aquarium-де дельфин маманыДжулиана ХаркавиРебеккиClearwater Marine Aquarium-де жұмысшыРичард ЛибертиниБалықшы, Уинтерді тапқан адамКейін ол қаражат жинау кезінде оларға жолығып, қомақты қаражат сыйлайды. Бұл фильм Ричардтың киноиндустриясындағы соңғы рөлі, ол 2016 жылы қайтыс болды.
Жалғасы 2013 жылғы 18 маусымда Warner Brothers бұл фильмнің жалғасын түсіруге ниетті екенін жариялады. Жалғасы «Дельфин оқиғасы 2» деген атпен 2014 жылғы қыркүйек айында шықты.
Фильм мен шынайы өмірдегі оқиғалар арасындағы айырмашылықтар Фильмде Уинтерді Данидендегі бал айы аралында балықшының көмегімен табылып, кейін Сойер оны босатты. Ал шын өмірде Уинтер Москит Лагунсутта, Нью-Смирна жағажайында табылды. Фильмде Уинтердің құйрығын жіп арқылы тараған инфекцияның кесірінен алып тастады. Ал шын өмірде оның құйрығын құйрығындағы қан айналымы бұзылғандықтан алып тастады. Фильмде жасанды құйрықтың өндірісі бірнеше апта алса, шын өмірде өндіріс бірнеше айды алған.
Өндіріс Дельфин оқиғасы 2010 жылдан бастап түсіріле бастады. Бұл фильм Флорида штатында Клируотер қаласында түсірілді. Дельфиннің оқиғасы фильмі қазіргі таңдағы жалғыз теңіз сүтқоректілер туралы, Джастин Шерберттің қатысуынсыз фильм.
Саундтрек «World Gone Crazy» - орындаушы: Doobie ағайындылары «Knee Deep» - орындаушы: Zac Brown Band, Jimmy Buffett қатысуымен «Sh-Boom» - орындаушы: The Chords «Everything Happens To Me» - жазушы: Tom Adair және Matt Dennis «Ride of the Valkyries» - орындаушы: Будапешттік симфониялық оркестрі «I'm Yours» - орындаушы: Jason Mraz «Line Dance» - орындаушы: Michael Wells және David Fowler «Second Guessin» - орындаушы: Jerry King және the Rivertown Ramblers «Kings Road A» - жазушы: Jens Funke және Josef Peters «Made for Dancing» - орындаушы: Ron Keel «Safe» - орындаушы: Westlife
Марапаттар Марапат Санат Алушы Нәтиже Дер.Жас ӘртісКөркем фильмдегі үздік қойылым - үздік жас әртісНатан ГэмблКөркем фильмдегі үздік қойылым - үздік қолдаушы әртісКози Зуэлсдорф
Сілтемелер Фильмнің ресми сайты Winter дельфині
Дереккөздер
Санат:АҚШ драма-фильмдері Санат:АҚШ отбасылық фильмдері Санат:Warner Bros. фильмдері Санат:Ағылшын тіліндегі фильмдер