Тасшалқар – Есіл алабындағы көл.

Географиялық орны Ақмола облысының Бурабай ауданы жерінде, Мәдениет ауылынан оңтүстік-шығысқа қарай 4 км жерде, теңіз деңгейінен 293,9 м биіктікте орналасқан.

Гидрографикасы Аумағы 10,8 км2, ұзындығы 4,35 км, енді жері 3,7 км, жағалық сызығының ұзындығы 14,5 км. Қар, жер асты суларымен толығады. Көлдің батыс жағынан ұзындығы 30 км-дей кішігірім өзен құяды. Су деңгейі көктемде 1–2 м-ге көтеріледі. Суы тұзды, жағалауы шабындық. Қазақстан табиғаты:Энциклопедия/Бас ред. Б.Ө. Жақып. – Алматы: "Қазақ энциклопедиясы", 2011. - 624 б. ISBN 9965-893-71-3

Дереккөздер

Санат:Бурабай ауданы көлдері Санат:Есіл су алабы