Голуэй (, ирл. Cuan na Gaillimhe) — Ирландия жағалауындағы Атлант мұхитының шығанағы.

Мұхиттан Аран аралдарымен бөлінген. Тереңдігі - 42 м дейін. Ұзындығы - 66 км, кіретін жерінің ені - шамамен 40 км. Су көтерілуінің көлемі - шамамен 4 м құрайды. Жағалауы таулы. Шығанаққа көптеген өзендер құяды, олардың ең үлкені - Корриб. Соңғысының сағасында шығанақтағы ең үлкен порт - Голуэй қаласы орналасқан.

Санат:Ирландия шығанақтары Санат:Голуэй (графтық) Санат:Клэр (графтық) Санат:Атлант мұхиты шығанақтары