Сефевие (, ) — күрдNewman, Andrew J., Safavid Iran: Rebirth of a Persian Empire, (I.B. Tauris & Co. Ltd., 2006), 152.R.M. Savory. Ebn Bazzaz. Encyclopædia IranicaV. Minorsky, "The Poetry of Shāh Ismā‘īl I," Bulletin of the School of Oriental and African Studies, University of London 10/4 (1942): 1006–53. Сефиеддин Ардебили (1252–1334) негізін қалаған тариқат (сопылық ағымы)https://whc.unesco.org/en/list/1345, Sheikh Safi al-Dinhttp://archnet.org/sites/1595/media_contents/40812 . Бұл тариқат XIV және XV ғасырларда солтүстік-батыс Иран қоғамында және саясатында көрнекті орынға ие болды және Сефевид әулетінің қалыптасуында маңызды рөл ойнады. Бастапқыда сунниттік исламның шафиғи мазһабы негізінде құрылғанымен, кейін шииттікке ауысты.
Сафи-ал-дин өз заманында Ардебилде өскен, бірақ ұстаздарына көңілі толмағандықтан Ардебилді тастап, Ширазға, одан кейін Гиланға барады. Гиланда ол Заһиди сопылық ағымының жетекшісі Заһид Гиланидің шәкірті болды. Соңында ол Заһидтің басты шәкіртіне айналады, әрі оның қызына үйленеді. Заһид Гилани қайтыс болғаннан кейін, Заһидия ағымына Сефиеддин басшылық етеді және ол Сефевие деп аталып кетеді.
Дереккөздер
Санат:Діни ұйымдар Санат:Ислам ағымдары Санат:Сопылық тариқаттар